Атырау облысында қоқыс жәшігінен нәресте табылды

1043

Қылмысты көпбалалы әйел жасағаны анықталып отыр.  

Атырау облысында қоқыс жәшігінен нәресте табылды

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 35 жастағы төрт баланың анасы жас босанған нәрестесін қоқыс жәшігіне тастаған. Сәбидің денесі оның үйінен бар-жоғы 100 метр жердегі жәшіктен өлі күйінде табылды. 

Оқиға 24 қаңтар күні болған. Әйелден қан кетуіне байланысты жанұшырып жеткен жедел жәрдем қызметкерлері оның босанып отырғанын анықтайды. Белгілі болғандай, ол жүктілігіне байланысты есепке де тұрмаған. Баланы әжетханасында босанған. Шақалақты қарау кезінде оның айы-күні жетіп, биологиялық жағынан дамып-жетіліп туғаны анықталыпты. Күйеуі, кәмелеткен толмаған балалары бар келіншек мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндіруден бас тартқан. 

"Іс бойынша ҚК 319 бабының бірінші бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру басталды. Медициналық сараптама тағайындалды", - деп хабарлайды Қызылқоға ауданының прокуроры Досбол Бағытжанов. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу