Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 3 наурыз күні болған.
"Жергілікті уақытпен сағат 16:30 шамасында "Бейнеу-Құлсары-Доссор" тас жолының бойында "Toyota Land Cruiser" көлігі аударылды. Жол апатына жүргізушінің рульді игере алмағаны себеп болған. Көлік рулінде отырған 59 жастағы жүргізуші ұйықтап қалып, салдарынан жолдың соқ жақ бөлігіне аударылған. Ақтау қаласынан жолға шығып, Атырау қаласына жетпек болған 1964 жылы туған жолаушы оқиға орнында қаза тапты", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.
"Көлік руліне шаршаған күйде отырып, алыс сапарға шықпаған жөн. Жолда жүру қауіпсіздігін сақтау – адам өмірінің кепілі", - деп ескертті департаменттің баспасөз қызметінен