Атырау облысында көлік өзенге батып кетті

438

Көлікте болған екі адам қайтыс болды. 

Атырау облысында көлік өзенге батып кетті Фото: Polisia.kz

17 қазан күні учаскелік полиция инспекторы Жайық өзеніне бағытталған автокөлік іздері барын хабарлаған. Аталған хабарлама бойынша Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Жайық өзеніне батып кеткен Niva автокөлігін шығарды.

Көлік ішінен 1971 ж.т., 1981 ж.т., екі ер адамның денесі анықталды. Дене жарақаттары анықталмаған.

Бейнекамераларда 16 қазан күні сағат 23:18 шамасында автокөліктің жоғары жылдамдықпен барып Жайық өзеніне батқаны түсіп қалған. Қазір сот медициналық сараптамасы тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу