Атырау облысында коронавирустан үшінші адам қайтыс болды

956

Облыстағы COVID-19 індетінен көз жұмған үшінші адам - Құрманғазы ауданы  Ақкөл ауылының 72 жастағы тұрғыны.  

Атырау облысында коронавирустан үшінші адам қайтыс болды

Ол екі жақты пневмониямен ауданның орталық ауруханасының жұқпалы аурулар бөліміне жатқызылған. Зейнеткер әйелде артериалды гипертензия, тамырдан шыққан прогрессивті дискркуляторлы энцеопатия, бауыр стеатозы, созылмалы панкреатит аурулары да болған.

4 маусым күні жұқпалы дерттің бар-жоғын анықтау үшін тексеруден өткізіліп, 6 маусымда талдау коронавирус инфекциясы барын көрсеткен.

"Науқасты облыстық жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстыруға дайындап еді, бірақ жағдайы күрт нашарлап кетті. Дәрігерлер жүрек-өкпе реанимациясын жасады,  барлығы нәтижесіз болды. Өкінішке қарай, науқас қайтыс болды", – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, оқиға орын алған Ақкөл ауылы – Ресейдің Астрахань облысымен шектесетін шекаралас ауыл.  

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу