Атырау облысында күнделікті тұтынатын тамақ бағасына мониторинг жүргізіледі

546

Өңірде 19 түрлі азық-түліктің бағасына бақылау орнатылған.  

Атырау облысында күнделікті тұтынатын тамақ бағасына мониторинг жүргізіледі Фото: atr.kz

Сондай-ақ аймақтың тұрақтандыру қорында сақталған картоп, пияз, сәбіз, қырыққабат секілді өнімдер белгіленген бағада саудаланады, деп хабарлайды inbusiness.kz облыстық әкімдікке сілтеме жасап.

Әкімдік қосымша астықты өңірлерден 620 мың тонна бірінші сұрыпты ұн алдырды. Бұл -  күнделікті тұтынатын тағам түрлерінің бағасын реттеуге арналған шара. Азықты сататын кәсіпкерлер мен көтерме тасымалдаушылардың өнімдерге 10-15 пайыздан артық үстеме қоспауы үнемі қадағаланады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу