"Кәсіпкерлікті қолдау картасына" 5 жаңа жоба қосылады

851

"Кәсіпкерлікті қолдау картасына" 5 жаңа жоба қосылады

Атырау облысында "Кәсіпкерлікті қолдау картасына" 5 жаңа жобаны қосу жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.
2018-2019 жылдар аралығында өңірде 5 жаңа жоба іске асырылып, "Кәсіпкерлікті қолдау картасына" енгізілетін болады. Бұл туралы кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Айхын Елеусізов мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, жобалардың жалпы құны 2,5 млрд теңгені құрайды. Жобаның іске қосылуының арқасында өңірде 107 жаңа жұмыс орны ашылады.
Картаға арналған жобалар тізімі мыналарды қамтиды: тауарлы бетон өндіретін - "New Ascent" ЖШС, бір рет пайдаланатын стакандарды өндіретін - "АНТА" ЖШС, полиэтилен пакеттерін өндіру - "Plasticcom" ЖШС, темірбетон бұйымдарын өндіру - "Атырау бетон 24" ЖШС, пластикалық қалдықтарды өңдеу зауытының құрылысы - "Эко Пластик" ЖШС.
"Жоғарыда аталған жобаларды іске асыруда мемлекет тарапынан несиелерді субсидиялау, пайыздық мөлшерлемелер, кепілдендіру және грант бөлумен қамтамасыз ету болады", - деп түсіндірді Айхын Елеусізов. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу