Атырау облысы Жылыой ауданында 6 адаммен жолға шыққан көлік қаладан 250 шақырым қашық жерде далалықта батпаққа тап болып, шыға алмай қалған, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Хабарлама бойынша құтқарушылар жедел шығып, заманауи жол талғамайтын техникасымен іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.
Құтқарушылар батпаққа батқан көлікті тауып, жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді.
Сонымен бірге жаяу кеткен екі адам да аман-есен табылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу