Атырау облысында қырылған қанаттылардан құс тұмауы анықталды

685

"Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерваты аумағында қызыл кітапқа енген құстардың неден қырылып жатқаны әйгіленді, деп хабарлайды Atameken Business.

Атырау облысында қырылған қанаттылардан құс тұмауы анықталды

Алдын ала тексеріс нәтижесі қанаттылардың "құс тұмауын" жұқтырғанын анықтады. Бұл жайында экология министрлігі хабарлады. Өлген құстың жалпы саны шамамен 5 мыңнан асқан. Олардың дені үлкен қарқылдақ, қылаң қарабас шағала және өгіз шағала. Өңірде құстардың өлу себептерін анықтау үшін комиссия құрылған. Олар сол жердегі суға, топыраққа және құстардың өлекселеріне зерттеу жүргізуде.

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ӨЗ БЕТІНШЕ ПАЙДАЛАНҒАНДАР 3 ЖЫЛҒА СОТТАЛАДЫ

Құсы мен итбалығы жаппай қырылып жатқан Каспий теңізін пайдаланушы мұнай компанияларына тексеру жүргізіледі. Теңіз үсті мен жағасында өндіріс жүргізетін алпауыттардың антропогендік әсері зерттеледі.

Министрдің сөзінше, қазір ТШО, NCOC компанияларымен келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу