Атырау облысында қызылша ауруына шалдыққандар саны 62 адамға жетті

1051

Бір апта бұрын облыста ауырғандар саны 41 болған еді.

Атырау облысында қызылша ауруына шалдыққандар саны 62 адамға жетті

Атырау облысында қызылша ауруына шалдыққандар саны 62 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қазіргі кезде аймақта қызылша ауруының белгілері байқалған 62 адам анықталды. Соның ішінде 32 адамнан алынған талдау қорытындылары қызылша дерті барын растады. Ауруға шалдыққандардың 47 пайызы – бір жасқа дейінгі балалар", – деп хабарлады Атырау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.

Еске сала кетейік, бір апта бұрын облыста қызылша ауруына шалдыққан адамдарың саны 41-ге жеткен еді. Науқастанғандардың саны апта бойы өскен: 8 қаңтарда олардың саны 11 болатын.

Соңғы екі жылдың ішінде қызылша ауруына шалдығуға қатысты бірде-бір жағдай тіркелмеген екен. 2016 жылы – 3,  ал 2015 жылы  – 91 жағдай анықталған. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу