Атырау облысында локомотив пен 11 вагон рельстен шығып кетіп, жұмысшылар зардап шекті

246

Оқиға бүгін, 1 наурыз сағат 10:20-да болған.

Атырау облысында локомотив пен 11 вагон рельстен шығып кетіп, жұмысшылар зардап шекті Фото: «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ

Тендік станциясының теміржол өткелінде жүк көлігі жүргізушісінің кінәсінен жүк пойызымен соқтығысқан. Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шекті. Локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

– 2024 жылы теміржол өткелдерінде автокөлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуына байланысты 28 жол-көлік оқиғасы болды. ҚТЖ осындай оқиғалардың алдын алу үшін теміржол өткелдерінде қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын еске салады, – деді "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу