Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі тағайындалды

2750

Атырау облысында Махамбет ауданының әкімі тағайындалды

Бүгін аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев аудандық мәслихат депутаттарына аудан әкімі лауазымына кандидатура ұсынды, деп хабарлайды atpress.kz.

Бұған дейін Махамбет ауданын басқарған Әлимұхаммед Құттымұратұлы тамыз айында Жылыой ауданының әкімі болып тағайындалған еді. Облыс әкімі Әлимұхаммед Құттымұратұлына атқарған қызметіне алғыс айтып, жаңа жұмыс орнында табысты болуын тіледі.
Аймақ басшысы аудан әкімі лауазымына ҚР президент әкімшілігімен келісілген жаңа кандидатура ұсынды. Ол – бұған дейін Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына басшылық еткен Сырым Рысқалиев. Депутаттар Рысқалиевтің кандидатурасын қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу