Атырау облысында марқұм болған төрт дәрігер марапатталды

866

Мемлекеттік награда олардың туыстарына салтанатты түрде табысталды.  

Атырау облысында марқұм болған төрт дәрігер марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы Жарлығына сәйкес, атыраулық марқұм болған төрт медицина қызметкері мен коронавирус инфекциясына қарсы күресте жанқиярлық көрсеткен бірқатар дәрігерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Атап айтқанда, "Құрмет" орденімен облыстық №2 ауруханасының инфекционист дәрігері Жұмабек Дәулетов, Атырау облысы ауруханасының рентгенолог дəрігері Ғаділет Сұлтанғалиев, Атырау облыстық кардиологиялық орталығының хатшысы Папузина Елена Яковлевна және ІІІ дәрежелі "Барыс" орденімен облыстық  жедел жәрдем стансасының фельдшері Алмагүл Демесінова марапатталды.

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов марқұм болған медицина қызметкерлерінің наградаларын олардың жақындарына табыс етті. Сонымен бірге, қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, азаматтардың денсаулығын сақтаудағы жанқиярлық еңбегі үшін бірқатар дәрігерлер де мемлекеттік наградаларға ие болды.  Облыс әкімі мылтықсыз майданда алдыңғы қатарда қауіп-қатермен күнделікті бетпе-бет келіп жүрген ақ халаттыларға сөзсіз ерлігі үшін зор алғысын білдірді.

"Бүгінде  коронавируспен күресте алдыңғы қатарда қызмет етіп жүрген барша қайсар,  батыл қызметкерлеріміздің еңбегі еленіп жатқанына қуаныштымын. Осы қиындықтан бір халық, бір қоғам болып еңсеріп шығатынымызға сенімдімін", – деді "Парасат" орденімен марапатталған облыстық медициналық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Гүлнафис Рахметова.

 Құралай Қуатова,

Атырау облысы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу