Атырау облысында мектеп асханалары жұмысын бастады

1226

Оған ата-аналардың өтініші себеп болған. 

Атырау облысында мектеп асханалары жұмысын бастады

Атырау облысында елуге жуық мектеп асханасы бір жыл үзілістен кейін жұмысын бастады. Оған баласы кезекші сыныпта оқитын ата-аналардың өтініші себеп болған, - деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Дегенмен оқушыларды тамақтандыру бойынша карантин талаптарына сәйкес өзгерістер енгізілген.

Атап айтқанда, асханаға 15 баладан артық кіргізілмейді және бір үстел басына екі баладан ғана отырады. Сол сияқты, бірқатар мектепте баланың қолына пакетке салынған дайын тағамды ұстатады. Күніне екі сағат қана оқитын мектепалды даярлық сыныбының оқушыларына ыстық тамақ қарастырылып отырған жоқ. Бұдан бөлек, асханаға сағат сайын тазалық жұмыстарын жүргізу, балалардың қолын жууы сияқты ережелер қатаң қадағаланады. 

"Кейбір мектептерде тамақ жеткізетін кәсіпкермен келісімшарт мерзімінің аяқталуына байланысты байқау жарияланды", дейді облыстық білім беру басқармасы бастығының орынбасары Айнагүл Дүйсекенова. Білім мекемелеріндегі жұмыс көлемінің аз болуына байланысты кәсіпкерлер де бұрынғыдан гөрі аз құраммен қызмет көрсетуде. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу