Атырау облысында мектеп оқушылары онлайн оқиды

182

Атырау облысындағы қолайсыз ауа райына байланысты мектеп оқушылары онлайн форматта оқытуға көшірілді.

Атырау облысында мектеп оқушылары онлайн оқиды Фото: canva.com

Бұл шешім Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің төрағалығымен өткен жедел штабтың кезекті отырысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

– Басты міндет – адам өмірі мен денсаулығын сақтау. Қазгидромет мәліметінше, желдің екпіні ертең де бәсеңдемейді. Қауіпсіздік мақсатында Атырау облысының барлық ауданында мектеп оқушыларын онлайн сабақ форматына көшіру керек, деді облыс әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу