Атырау облысында мектеп түлегі кісі қолынан қаза тапты

357

Аталған оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. 

Атырау облысында мектеп түлегі кісі қолынан қаза тапты Фото: inbusiness.kz

Атырау облысында жасөспірім кісі қолынан қаза тапқан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты"Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, қайғылы оқиға 3 шілдеде Махамбет ауданы Сарытоғай ауылында болды. Кісі қолынан қаза тапқан 17 жастағы жасөспірім жақында мектеп бітірген.

"Жасөспірімнің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдікті 2005 жылы туған", - деп жазылған хабарламада.

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу