Атырау облысында мопед қаққан жасөспірім жан сақтау бөлімінде қайтыс болды

263

Зардап шеккен жасөспірім аурухада қайтыс болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында мопед қаққан жасөспірім жан сақтау бөлімінде қайтыс болды Фото: бейнеден

Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 18 мамырда тіркелген. 

"Күндізгі сағат 15:25 шамасында Индер ауданының Бөдене ауылында мопед көлік құралы жаяу жүргіншіні қағып құлатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жаяу жүргінші Индер аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілді. Бірақ, зардап шеккен жасөспірім ауруханада қайтыс болды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Адам өліміне себепкер болған жол-оқиғасын жасаған мопед жүргізушінің жасөспірім екені анықталып отыр. Биылғы наурыз айында бұл жасөспірімнің осындай құқық бұзғаны үшін заңды өкіліне әкімшілік хаттама толтырылған. Алайда, жасөспірім ескертуге қарамастан мопед жүргізуді жалғастырған. 

Айта кетейік, Атырауда жыл басынан бері мопед жүргізушілерінің кінәсінен 17 жол оқиғасы тіркелді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу