Атырау облысында моторлы қайықтар соқтығысып, бір адам қаза тапты

Тергеу амалдары басталды. 

Атырау облысында моторлы қайықтар соқтығысып, бір адам қаза тапты Фото: Атырау облысы ПД

Атырау облысында Жайық өзенінде екі моторлы қайық соқтығысып, бір адам қаза тауып, тағы біреуі ауыр жарақат алды, деп хабарлайды облыстық полицияның баспасөз қызметі.

"20 қыркүйек күні сағат 07:00 шамасында Жайық өзенінде Дамбы ауылының сол жағалауында екі моторлы қайық соқтығысып, салдарынан 1973 жылы туған азамат ауыр халде облыстық ауруханаға жеткізілді, 1974 жылы туған азамат оқиға орнында көз жұмды", — деп жазылған  хабарламада.

Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу