Атырау облысында мұғалімнің сарайынан мәйіт табылды

1591

Көршілер ол жерден жағымсыз исі шыға бастағасын полицияға хабарлаған. 

Атырау облысында мұғалімнің сарайынан мәйіт табылды

Атырау облысы Махамбет ауданында мектепте мұғалім болып істейтін әйел адамның сарайынан оның ағасының мәйіті табылды. Қайтыс болған кісі 82 жаста болған, ауылда механизатор болып жұмыс істеген. Қарындасының қолында тұрады екен. Көршілері соңғы кездері оның көрінбей кеткеніне алаңдайды. Оның үстіне, бұл үйдің сарайынан жағымсыз иіс шығып, маңайға тарай бастаған. Сол сияқты, мәйіттің бөлшектеніп сақталғаны жөнінде де алып-қашпа әңгіме тарауда. 

Атырау облыстық полиция департаменті аталған жерден расымен де ер адамның денесі табылғанын растайды. Бірақ, күдіктілер кімдер, оқиғаның жай-жапсары қалай болған, басқа да ақпараттар тергеу мүддесі үшін жарияланып отырған жоқ. Ал мұғалім әйел уақытша қызметінен шеттетілген. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу