Атырау облысында мүгедектігі бар балаларға арналған жоба өтті

253

"Біз біргеміз – біз ерекше әлембіз" жобасына 40 бала қатысты.  

Атырау облысында мүгедектігі бар балаларға арналған жоба өтті Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Telegram

Атырау облысының Құлсары қаласында мүгедектігі бар балаларды қоғамға бейімдеуге және әлеуметтік волонтерлікті дамытуға бағытталған "Біз біргеміз – біз ерекше әлембіз" жобасы аяқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жоба Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының шағын гранты аясында жүзеге асырылды. Бастаманы "Құлсары қаласы мүгедектер қоғам бірлестігі" қоғамдық бірлестігі қолға алған.

Жобаға 40 бала қатысты. Қорытынды іс-шара барысында олар сән көрсетіліміне қатысып, өнерлерін ортаға салды.

Бастаманың негізгі мақсаты – мүгедектігі бар балалардың шығармашылық қабілетін дамыту және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасау. Сонымен қатар жоба инклюзивті ортаны қалыптастыруға, баршаға тең мүмкіндік беруге және жанашырлық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу