Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі 273 адам тұрақты жұмысқа орналасқан

472

Бұл туралы Атырау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі 273 адам тұрақты жұмысқа орналасқан Фото: inbusiness.kz

Жыл басынан бері Атырау облысында жұмыспен қамту орталықтарына мүмкіндігі шектелген, бірақ, жұмыс істеуге қабілетті 1182 адам жүгінген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметтеріне сәйкес, биыл мүмкіндігі шектеулі 1019 адамға әлеуметтік қолдау көрсетілген.

"Басқармаға жүгінген мүмкіндігі шектеулі жандардың арасынан 273 адам тұрақты жұмысқа орналасты. Оның 77-сі квотамен қамтылды. Ал, ақылы қоғамдық жұмысқа 328 адам тартылды. Әлеуметтік жұмыс орнына 17 адам, жастар тәжірибесіне 35 түлек жіберілді. "Алғашқы жұмыс орны" жобасына 7, "Күміс жас" жобасы шеңберінде жасы 50-ден асқан 18 адам жұмысқа орналастырылды. "Бастау-Бизнес" жобасымен кәсіпкерлік негіздері курсынан мүгедектігі бар 289 адам өтті", - делінген басқарманың баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, "Теңізшевройл" компаниясының оқу курсына 4, арнайы жұмыс орнына 7 адам жіберілген. Ал, 41 адамға 400 айлық есептік көрсеткіш көлемінде мемлекеттік грант берілген.

Бұдан бөлек, мүмкіндігі шектелген 7 адамның жұмыс орны арнайы құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу