Ауыл әкімі Азамат Жақсиевтің айтуынша, табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ.
Тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарға зақым келмеген, тек кейбір үйлердің аулаларын су басты.
"Жаңбыр сіркіреп басталды, артынша нөсерге айналды. Қазір жаңбыр суы көшелермен сарқырап ағып жатыр", – деді әкім.
Қазіргі таңда ауылда 3 649 адам тұрады. Мұқыр – Қызылқоға ауданындағы ірі елді мекендердің бірі. Оның маңынан Ақтөбе–Атырау–Ресей шекарасы бағытындағы автожол өтеді. Сонымен қатар, елді мекеннің үстімен теміржол да жүргізілген.
Мұқырда 2 мектеп жұмыс істейді. Оның бірі 1941 жылы ашылып, 1969 жылдан бері 536 орындық ғимаратқа орналастырылған. Екінші мектеп 2021 жылы пайдалануға беріліп, 424 оқушыға арналған. Ауылда "Алтын кілт" балабақшасы бар, қазіргі таңда клуб ғимаратының құрылысы жүріп жатыр.