Атырау облысында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi 4,4 трлн теңгені құрады

1146

Атырау облысында өнеркәсiп өнiмiнің көлемi 4,4 трлн теңгені құрады

Еліміздің өнеркәсібі көлеміндегі Атырау облысының үлесі 23,9% құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар айында облыста 503,5 млрд теңгеге өнім өндіріліп, жоспар 109,6% орындалған, деп хабарлайды atpress.kz.

Ал өткен жылдың қорытындысымен өнеркәсiп өнiмiнің көлемi 4,4 трлн теңгегені құрап отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде болған брифингте Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Нұрғайша Әбежан хабарлады. 

Нұрғайша Әбежанның мәліметіне сүйенсек, өңірде негізгі капиталға салынған инвестицияның нақты көлем индексі 32,4% артқан. 

"Облыстың сыртқы сауда айналымы 2016 жылы экспорт 11 091,4 миллион АҚШ долларын құраса, импорт 2 124,8 миллион долларға жетті. Облысқа импорттың көп бөлігі көршілес Ресей елінен тасымалдануда. Біздегі экспорттың басым бөлігін мұнай-газ саласы құрайды", – деп атап өтті Нұрғайша Әбежан. 

Өткен жылы өңірдің мал шаруашылығындағы өнім көлемі 36,2 млрд теңгені құраса, егін шаруашылығындағы өнім көлемі 25 млрд теңгеге жетті. 

"Сондай-ақ, мұнай бағасының түсуіне байланысты, ағымдағы жылдың 1 наурызына инфляция деңгейі 102,6% құрады. Соның ішінде азық-түлік тауарларына 102,9%, азық-түлік емес тауарларға 101,7% және ақылы қызметтерге 103,2%", – деді облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу