Атырау облысында өрттен 6 адам құтқарылды

435

Өрт кезінде баспалдақ арқылы 38 тұрғын (21 ересек, 17 бала) өз күштерімен эвакуацияланған.  

Атырау облысында өрттен 6 адам құтқарылды Фото: Атырау облысы ТЖД

16 шілде күні Атырау қаласы, Вокзал мөлтек ауданы- 5 ықшам ауданында орналасқан бес қабатты үйлердің бірінен түтін шыққаны туралы хабарлама түсті.

Оқиға орнына санаулы минутта жеткен өрт сөндірушілер үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде балконның жанып жатқанын анықтады.

Сонымен қатар дәліз бойын қою қара түтін басуына байланысты

Өрт сөндірушілер автосатының көмегімен 6 адамды (3 ересек, 3 нәрестені) 2-ші қабат және 4-ші қабаттың тұрғындарын құтқарды.

Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлері құтқарылған тұрғындарға алғашқы медициналық көмек көрсетті.

Өрт салдарынан пәтердің балконында орналасқан тұрмыстық заттар жанған. Өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекетінің нәтижесінде санаулы минуттарда өрт сөндіріліп, өрттің басқа бөлмелер мен өзге пәтерлерге таралуына жол берілмеді.Өрттің шығу себептері анықталуда, зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Атырау облысы ТЖД 7 қызметкер мен 2 бірлік техника жұмылдырылды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу