Атырау облысында өрттен үш бала көз жұмды

973

Олардың денесі өртенген қорадан табылған.

Атырау облысында өрттен үш бала көз жұмды

Атырау облысы Махамбет ауданы Ортақшыл ауылындағы жеке үйдегі шөп қораның өртеніп жатқандығы жөнінде өрт сөндіру қызметіне 5 қазан күні кешкі 19:27 шамасында хабарланған. Кейін өрт сөндірушілер жанған қораның бір бұрышынан үш жас баланың мүрдесін тауып алады, деп жазды inbusiness.kz. 

"Оқиға орнына №11 ӨСБ-нің өрт сөндірушілері 19 сағат 45 минутта жетіп, өрт 23 сағат 07 минутта толығымен сөндірілген. Алайда 6 қазан күні 00 сағат 02 минутта Махамбет аудандық полиция бөлімінен Ортақшыл ауылында үш кәмелет жасына толмаған балалардың белгісіз жағдайда жоғалғандығы туралы хабарлама келген. Іздестіру жұмыстарына ТЖД 11 қызметкері, 3 бірлік техникасы, 2 кинологиялық есебі, полиция департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындары жұмылдырылған. Жоғалған 2014 жылғы екі бала мен 2012 жылғы бір баланың денесі өртенген шөптің арасынан табылды", - деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД қоғаммен байланыс тобы.

Қазіргі күні табылған мүрделер полиция қызметкерлеріне тапсырылып, сот-медициналық сараптама тағайындалған. 

Құралай Қуатова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу