Атырау облысында Өзбекстан азаматтары мінген көлік жанып кетті

259

Атырау облысында жол бойында ішінде Өзбекстан азаматтары отырған жеңіл автокөлік өртенді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында Өзбекстан азаматтары мінген көлік жанып кетті Фото: ТЖМ

Оқиға Мақат ауданында республикалық маңызы бар "Атырау – Ақтөбе" автожолының 31 шақырымында болған.

Өрт сөндірушілер Өзбекстан Республикасының 3 азаматын тілсіз жаудан құтқарып қалған. Оларды кейін жедел медициналық жәрдем бригадасы қарауына алған.

Өрт сөндірілген, себебі анықталып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу