Атырау облысында полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген өзбекстандықты ұстады

881

Атырау облысы бойынша 100-ден астам борышкерлерге сот орындаушыларының қаулылары негізінде іздеу жарияланған.   

Атырау облысында полиция мемлекетаралық іздеуде жүрген өзбекстандықты ұстады Фото: polisia.kz

Соның ішінде 79 борышкердің тұрғылықты жерлері анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Іздеу жарияланған борышкерлердің ішінде Қазақстан Республикасының азаматтарымен қоса шетелдіктер де кездеседі. Мысалы, 27 ақпан күні жүргізілген іс-шаралар барысында борышкер санаты бойынша мемлекетаралық іздеуде жүрген 33 жастағы азамат анықталды.

Аталған шетелдік борышкерге 2022 жылдың 5 желтоқсан күні сот қаулысымен 53 603 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Сонымен қатар тексерулер барысында шетелдіктің еліміздің аумағында болу заңдылығын бұзғандығы анықталды. Нәтижесінде, борышкерден мемлекет пайдасына берешегін толықтай өндіру бағытында шаралар қабылданып, айыппұл өндіріліп, жазбаша түсініктемесінің негізінде іздестіру есептерінен түсірілді.

Еліміздің аумағында болу мерзімі өтіп кеткен аталған шетелдікке қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 517-бабы 4-бөлімімен іс-құжаттар жинақталып, жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу