Атырау облысында ревакцинация қарқыны төмен

186

Жыл соңына дейін 15 мың адам қайта егілмек.

Атырау облысында ревакцинация қарқыны төмен

Атырауда жыл соңына дейін 15 мың адамға вакцинация жасалады. Қазіргі күні облыс бойынша екпе алуға жататын тұрғындардың 68,9 пайызы қайта егілген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Соңғы мәліметке сәйкес, вакцинаның I компоненті 251 955 адамға, II компоненті 232 772 адамға салынған. Бұл облыс бойынша жалпы екпеге алуға жататын тұрғындардың 68,9 пайызын құрайды.

"Биыл 31 желтоқсанға дейін 15 000 мың адамға ревакцинация жасалады. Өкінішке қарай, өңірде ревакцинация қарқыны төмен. Бүгінгі таңда 1 025 адам қайта екпе алды. Соңғы тәулікте 155 адам ревакцинацияланды. Қазіргі уақытта қайта егу тек "QazVac" вакцинасымен жүргізілуде", – деді Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиев. 

Сондай-ақ облысқа "Pfizer" вакцинасының бірінші және екінші компонентін құрайтын 32 760 дозасы жеткізіліп, оның I компоненті 968 адамға салынған. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу