Атырау облысында сәби өлімі көрсеткіші төмендеді

1071

Халық санымен бірге орташа өмір сүру ұзақтығы да артқан.

Атырау облысында сәби өлімі көрсеткіші төмендеді

Атырау облыстық перинаталдық орталығында биыл 8 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Тағы бір оң жаңалық, сәби өлімі көрсеткіші азайғаны байқалып отыр, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

Соның ішінде салмағы 500 грамнан асатын санаттағы жаңа туған нәрестелердің өмір сүру деңгейі биыл 33 пайызға жеткен. Мұндай жетістікке жету Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының "қауіпсіз ана болу", "омыраумен емізу", "тиімді перинаталдық технологиялар" бағдарламаларын енгізу, сондай-ақ медициналық персоналдың біліктілігін үздіксіз арттыру, материалдық-техникалық базаны жақсарту және медициналық жабдықты сатып алудың арқасында мүмкін болды деп есептеледі. 
"Соңғы 4 жылда ана өлімінің көрсеткіші 100 мың тірі туғандарға шаққанда 11 промильді құрады. Ал нәресте өлімінің көрсеткіші  1 000 тірі туғандарға шаққанда 12-ден төмендеді және ағымдағы жылдың 10 айында 7,6 промиллені құрады", – дейді Атырау облыстық перинаталдық орталығы директорының міндетін атқарушы Қазбек Ермағамбетов.

Сондай-ақ облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1991-2021 жылдар аралығында Атырау облысында халық саны 432,9 мыңнан 657 110 мың адамға дейін өсіп, орташа өмір сүру ұзақтығы 65,9-дан 70,52 жасқа дейін артқан.

Осылайша, 1 000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 26,80-ден 27,19-ға дейін жоғарылап, өлім-жітім коэффициенті 8,0-ден 7,17-ге дейін төмендеген. Сол сияқты 1 000 адамға шаққандағы халықтың табиғи өсу коэффициенті 18,80-ден 20,02-ге дейін өсіпті.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу