Атырау облысында шопан жеті жүз бас қойын қасқырдан аман алып қалды

1212

Атырау облысында шопан жеті жүз бас қойын қасқырдан аман алып қалды

Оқиға 15 желтоқсан күні сағат таңғы алтыда Құрманғазы ауданының Мақаш ауылында болған, деп жазады atpress.kz.

Мақаш өндірістік кооперативі "Сардар баба" фермасының аға шопаны Әнуар Құбаев қорасына келген түз тағысын айырмен түйреп, көзін жойған.

"Ит үрген соң ұшып тұрдым. Бір қасқыр қорадан ішке қарай секіріп бара жатыр екен. Мен де жетіп барып, аула есігінің алдындағы айырды ұстап, қораға қарай жүгірдім. Қасқыр да мені байқап қалып, маған қарай секірді. Сол кезде қасқырдың тістері қолыма қадалғанын сездім. Қасқырды бар пәрменіммен итеріп шегінген кезде екінші қолымдағы айырды мойын тұсына шаншып қалдым. Бірақ, ол қайтадан тұруға талпынды, тұмсықтан жақсы етіп екі-үш рет беріп жібердім", – дейді шопан.

Осылайша шопан қорадағы 700-ге жуық қойын қасқырдан аман алып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу