Департамент мәліметінше, жыл басынан бергі 10 айда 286 жол-көлік оқиғасы тіркелген.
"Облыс аумағындағы жол-көлік оқиғаларының салдарынан 78 адам мерт болды. Жол апатынан 340 адам әртүрлі дене жарақатын алды. Өткен жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғасы 17, адам өлімі 36, дене жарақатын алғандар саны 18%-ға өскен", – деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Осы кезеңде жасөспірімдердің құралын басқаруының салдарынан болған 6 жол апаты тіркеліп отыр. Жол апатынан 1 жасөспірім қаза тауып, 9-ы зардап шеккен.
Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Ерлан Биғамбаевтың айтуынша, жол-көлік оқиғасы бірнеше себептің салдарынан болады.
Біріншіден, қарсы бағыттағы жолаққа шығу, екіншіден, жаяу жүргіншілерді қағу, үшіншіден, жол қиылыстарынан өту ережесін бұзу, төртіншіден, жылдамдықты шамадан тыс асыру, бесіншіден, арақашықтықты сақтамаудың кесірі тиеді.