Атырау облысында су деңгейі төмендеді

359

Атырау облысы Қызылқоға ауданында тасқын судан қауіп сейілді.   

Атырау облысында су деңгейі төмендеді Фото: gov.kz

Өңірдегі Ойыл өзенінің деңгейі 98 см-ге түсті, деп жазады inbusiness.kz сайты облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Ауылды басу қаупі жоқ", - дейді мамандар.

Еріктілермен қоса күштік құралдар жұмылдырылып 45 шақырымнан астам қорғаныс бөгеттерін нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апаттың алдын-алу үшін жұмыстар әлі де жалғаса бермек. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл тұрғындары бөгеттерді нығайтып, құм толтырылған қапшықтарды әлі де төсеп жатыр. Кеше су деңгейі 1 метр 40-смге дейін көтерілген болатын. 

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Миялы ауылынан эвакуацияланған тұрғындар саны 700-ге жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу