Атырау облысында су қоймасын салу қарастырылып жатыр

214

Нысан Жылыой ауданында салынуы мүмкін.  

Атырау облысында су қоймасын салу қарастырылып жатыр Фото: Atyrau Press

Былтырдан бері су қоймасының бірнеше нұсқасы талқылаудан өткізіліп жатыр, деп жазады inusiness.kz сайты.

Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Қалиеваның айтуынша, "Институт Казгипроводхоз" ЖШС-мен келісім жасалған.

Су қоймасын Жылыой ауданының орталығы – Құлсары қаласынан 60 шақырым қашықтықта салу жоспарланып отыр.

Осыған байланысты су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі алғаш рет талқыланды. Су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесінің үш нұсқасы бар. Талқылаудан кейін 220 млн текше метр су жиналатын нұсқасы таңдалды.

"Жылыой ауданында су қоймасын салу – кеңес одағы кезінде де көтерілді. Енді бұл мәселе қайта қозғалды. Жобаның тиімділігі ескеріледі. Су қоймасы Құлсары қаласы мен елді мекендерді, мал және егін шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарын сумен қамтиды. Алдағы уақытта нақты ұсыныстар бойынша техникалық-экономикалық негіздемеге сәйкес жобалық-сметалық құжаты жасақталады", - дейді Нұргүл Қалиева.

Оның пікірінше, су қоймасы бірнеше мәселені шешуге ықпал етеді. Біріншіден, Жылыой ауданының елді мекендерін су тасқынынан қорғайды. Екіншіден, ауданның экологиялық ахуалын жақсартады. Үшіншіден, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін маңызды инфрақұрылымдық нысанға айналады.

Алайда, су қоймасының құрылысына қажетті қаржының қайдан бөлінетіні нақтыланған жоқ

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу