Атырау облысында су тартылған аумақтарды дезинфекциялау басталды

251

Су тасқынынан кейін Атырау облысында 2,8 мың отбасы біржолғы төлем алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Атырау облысында су тартылған аумақтарды дезинфекциялау басталды Фото: Александр Павский

Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев айтты.

"Жылой ауданы Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті мен жергілікті атқарушы органдар су басқан жерді құрғатуды тұрақты түрде іске асырып отыр. Сондай-ақ, суы тартылған аумақтарда дезинфекциялау жұмыстары басталды. 20 сәуірдегі жағдай бойынша 21 нысан дезинфекцияланды", - деді Р. Жұманғазин Орталық коммуникациялар қызметінде. 

Оның айтуынша, су тасқынынан кейін бірқатар нысан электр энергиясы желісіне және газ жүйесіне қайта қосылып жатыр. 

"Біржолғы материалдық көмекті төлеуге қатысты 3 398 өтініш қабылданып, қазір 2 796 отбасы төлемін алды. Шығынды есепту және өтеу бойынша комиссия жұмысын жалғастырып жатыр. Жалпы, Атырау облысы бойынша жағалауды бекіту жұмыстарына 18 мыңға жуық адам мен 1,7 мың техника жұмылдырылған", - деді баспасөз хатшысы. 

Айта кетейік, жақында Құлсарыдағы орталық аудандық аурухананың жұмысы қайта жанданды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу