Атырау облысының Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылында қауіп сейілді. Түнде Жалғансай ауылынан эвакауацияланған тұрғындар үйіне оралып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау облысының жедел штабынан хабарлағандай, қазір аталған ауылдағы ахуал тұрақтанды.
"Бүгін, 23 мамырда сағат 08:00-де Махамбет ауылындағы Д.Төленов атындағы орта мектебіне орналасқан Жалғансай ауылының 143 тұрғынын үйіне қайта көшіру жұмысы басталған. Туыстарының үйіне барған 46 адамға ауылда қауіп жоқ екені туралы хабар берілді. Тұрғындарды ауылға әкелу үшін 2 автобус, 6 ГАЗель көлігі бөлінді", - деп хабарлады облыстық жедел штабтан.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу