Көктемдегі су тасқыны кезінде адамдарға көмектескен итті белгісіз біреулер атып кеткен

349

Үй жануарының иесі Зәмзәгүл итінің өткен бейсенбі, 28 қарашада атылғанын айтты. 

Көктемдегі су тасқыны кезінде адамдарға көмектескен итті белгісіз біреулер атып кеткен Фото: коллаж inbusiness.kz

Атырау облысында көктемгі су тасқыны кезінде бөгет салуға көмектескен Пшөн есімді итті белгісіз біреулер атып өлтірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Пшөн туғаннан Атырау облысы Сарытоғай ауылында Зәмзәгүл апайдың отбасында өскен.

"Итімізді әдеттегідей ауланың сыртына жіберген едік. Сосын ол үйге қайтып келді. Алайда денесіндегі оғымен оралды. Итаулаушы үйге жақын жерде еді, неге екені белгісіз, оны көрді де, ата салды. Меніңше олар Пшөнді танымады. Біз итаулаушыны танимыз. Алайда олар неліктен ол жерде жүргенін білмеймін. Бұл біз үшін, біздің ауыл үшін үлкен шығын", – деді Зәмзәгүл.

Иесінің айтуынша, ит желтоқсан айында үш жасқа толуы керек болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу