Атырау облысында тағы бас санитар ауысты

1622

Бұл – пандемия кезіндегі сегізінші бас санитарлық дәрігер.  

Атырау облысында тағы бас санитар ауысты

Бүгін Атырау облысында жаңа бас санитар дәрігер - санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жаңа  басшы тағайындалды. Бұл қызметке осыған дейін дейін көршілес Орал қаласының бас санитар дәрігері болып жұмыс істеген Мәдениет Рашидұлы Танауов келіп отыр. Ол 1971 жылы Батыс Қазақстан облысында туған, 1997 жылы С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің санитариялық-гигиеналық факультетін бітірген.

Айта кетейік, Мәдениет Танауов елде карантин жарияланған былтырғы наурыз айынан бастап облыста сегізінші рет тағайындалған бас санитарлық дәрігер. Оған дейін бұл қызметті атқарған және екі рет бас санитарлық дәрігер болған Амантай Жұмағалиев қайтадан Атырау облысы бойынша санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бастығының орынбасары болды.

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу