"Атырау-Индер" тас жолында көліктің шұңқырға түсіп кеткені туралы видео пайда болғаннан кейін өңірде көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұхановтың айтуынша, бұл аумақта жедел қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жолдың 27-ші шақырымы уақытша жабылды.
"Талдыкөл ауылындағы газ құбырынан су ағып, жол опырылып түсті. Зардап шеккендер жоқ. Газ құбыры немесе газ таратудың зақымданғаны туралы дерек тіркелген жоқ. Мамандар жедел қалпына келтіру жұмыстарын жасап жатыр", - деді әкім орынбасары.
Жол бүгін, 17 мамыр күні кешке дейін толық қалпына келтіріледі дейді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу