Атырау облысында тасқыннан келген залалды өтеу комиссиясына 2,7 мыңнан аса өтініш түскен

246

516 шақырым жағалауды нығайту үшін бөгеттер жасалды. 

Атырау облысында тасқыннан келген залалды өтеу комиссиясына 2,7 мыңнан аса өтініш түскен Фото: ҚР ТЖМ

Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте өңірдегі су тасқыны бойынша ахуалды баяндады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Құлсары қаласында қалпына келтіру жұмыстары қолға алынған сәттен бастап 2,7 мың үйден 3,7 млн текше метр су тартылды. Сондай-ақ су тасқынымен әкелінген қоқыстарды шығару және дезинфекциялық жұмыстары жалғасуда. Өткен тәулікте 275 тонна қоқыс шығарылды", - деді Руслан Жұмағазиев.

Оның дерегінше, залалды бағалау және өтеу жөніндегі комиссияға 2733 өтініш түскен. 

"Мамандар 867 нысан бойынша техникалық тексеріс жүргізілді. Жұмысты 15 мамырға дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қоғамдық штаб та өз жұмысын жалғастырып жатыр. 3693 тұрғын кеңес алды", - деп атап өтті спикер.

Қазір Индербор кентіндегі Жайық өзенінің деңгейі – 804 см, Махамбет кентінде – 818 см, Атырау қаласында – 475 см. Судың қауіпті деңгейі – 550 см. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу