Атырау облысында тегін дәрі-дәрмектерге мұқтаж адамдар саны негізсіз қысқартылған

238

Прокуратурамен азаматтардың конституциялық құқығы қорғалды.

Атырау облысында тегін дәрі-дәрмектерге мұқтаж адамдар саны негізсіз қысқартылған Фото: canva.com

Жылыой ауданы прокуратурасы тиісті тегін медициналық көмек ала алмаған 4 054 тұрғынның құқығын қорғады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аудандық аурухана есебінде тұрған тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтардың саны негізсіз қысқартылған.

"Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматтарға 19 155 349 теңгеге 4 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер (Джардинс, Инвокана, Тражента, Форсига және т.б.) берілді. Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді", - деп хабарлады прокуратура.

Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу