Атырау облысында тексерілген ғимараттардың 88 пайызы терроризмнен қорғалмаған

950

Атырау облысында тексерілген ғимараттардың 88 пайызы терроризмнен қорғалмаған

Атырауда адамдар жаппай жиналатын 883 нысанның тек 92-сі қауіпсіздік нормаларына сай келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау облысында адамдар жаппай жиналатын нысандардың тек 12% қауіпсіздік нормаларына сай келеді, деп мәлім етті Атырау облыстық ІІД басшысы Аян Дүйсембаев.

"Облыстағы ІІД қызметкерлері террористік қатынастарға осал нысандарды тексерді. Өңірде ондай нысандары саны 883. Оның ішінде 92 нысаны (12%) адамдар жиі жиналатын орындар - базарлар, мейрамханалар, сауда орталықтары - қауіпсіздік параметрлеріне сәйкес келеді",-деді департамент басшысы.

Оның айтуынша, аталмыш нысандардың басшылары бұл мәселенің шешіміне түсіністікпен қарауға тиіс.

"Бұл азаматтардың қауіпсіздігіне қатысты мәселе. Кей жерлерде видеобақылау камераларынан таспа алатын кезде кедергілер туындап жатады. Әсіресе, қылмыс болған кезде. Оның себептері әртүрлі. Біз кәсіпкерлердің қызметіне араласпаймыз. Бірақ, заң бойынша кәсіпкерлік қызметке лицензияны тоқтату туралы мәселені көтере аламыз", - деп атап өтті Дүйсембаев.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу