Атырау облысында теміржол компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды

837

Мекеме вагондарды жөндеу үшін бағаны шамадан тыс көтергені үшін 485 млн.теңге айыппұл арқалады.  

Атырау облысында теміржол компаниясы әкімшілік жауапкершілікке тартылды Фото: rail-news.kz

Бұл жөнінде ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады деп жазады inbusiness.kz.

"Атырау көлік прокуратурасының ұсынысы негізінде департамент "РТИ-АМӨЗ" ЖШС-не қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғады. Істі қарау қорытындысы бойынша Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотының қаулысымен "РТИ-АМӨЗ" ЖШС жалпы сомасы 485 млн теңгеге әкімшілік жаза қолданылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды, ол мемлекет пайдасына толық көлемде төленді" - делінген хабарламада.

Тергеу барысында компания вагондарды беру және жинау, сондай-ақ ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды орындау жөніндегі шарттарда заң бұзған.

Монополиялық ережені теріс пайдаланып, қызметке әртүрлі бағаларды не тең мәнді келісімдерге әртүрлі шарттарды қолдану фактісі анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу