Атырау облысында топтық төбелестен жасөспірім көз жұмды

478

2000 және 2007 жылы туылған күдіктілер қамауға алынды.

Атырау облысында топтық төбелестен жасөспірім көз жұмды Фото: daily mail

Құлсарыдағы төбелес кезінде аурухананың жансақтау бөліміне түскен жасөспірім қайтыс болды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім еткен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты AtyrauPress басылымына сілтеме жасап.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 19 қаңтарда 03:05 шамасында Атырау облысы Құлсары қаласында топтық төбелес болды.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде құқықбұзушылыққа жол берген барлық тұлға полиция бөліміне жеткізілді.

Үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. 2006 жылы туған жасөспірім жансақтау бөлімінде қайтыс болды.

2000 және 2007 жылы туылған күдіктілер қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу