Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғаныс мақсатында 300 тонна құм және 500-ден аса топырақ толтырылған қап қойылды.
Оқиға орнында 3 ауыр техника, 70-ден аса ауыл жастары мен еріктілер бар.
Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері қауіпті аймақта күшейтілген кезекшілікте тұр.
Қызылқоға ауданының әкімшілік орталығы Миялы ауылының батыс бөлігінде жер 50 метрге биіктетіліп, қорғаныс бөгеттері қойылған.
Ауылдағы үйлерге су жетпеуі үшін Миялы – Қарабау – Индер автожолын демонтаждау туралы шешім қабылданды. Жол қауіп сейілген соң қалпына келтіріледі.
Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынған.
Айта кетейік, Қызылқоға ауданының әкімшілік орталығы – Миялы ауылы. Ауданның аумағы – 24,9 мың шаршы шақырым. Қызылқоғаны Ойыл және Сағыз өзендері қиып өтеді.