"3 қазан күні Төтенше жағдайлар департаментіне Исатай ауданында, Аққыстау ауылынан 55 шақырым жерде, Каспий теңізінде су деңгейінің көтерілуіне байланысты екі жолаушы мінген жеңіл автокөліктің жағада тұрып қалғаны туралы ақпарат түсті. Ер адамдар өздігінен көліктен шыға алмай қалған.
Оларды Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Исатай ауданы ПЧ-6, Жанбай шекара заставасы мен аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері бірлесіп іздеуге шықты. 79 және 55 жастағы екі ер адам эвакуацияланды. Олар Исатай ауданы, Аққыстау ауылына жеткізілді. Құтқарылғандардың жағдайы қанағаттанарлық, оларға медициналық көмек қажет емес", – деп хабарлады ТЖД.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу