Атырау облысында ТШО-ға байланысты тексеру жүруде

1075

Компания ауаға зиянды қалдықтар жіберген.

Атырау облысында ТШО-ға байланысты тексеру жүруде

Кеше Теңіз кенішінен жарты сағаттан астам уақыттан бойы ауаға зияндық қалдықтар шығарылған. ҚР экология министрлігі оған байланысты түсінік берді, деп жазды inbusiness.kz тілшісі. 

"Теңізшевройл" ЖШС орын алған жайға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізеді. 2021 жылғы 7 сәуір сағат 15:20-да КТЖ-2-нің 4-жолындағы С511 қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған. Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған. "Теңізшевройл" ЖШС-мен автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептері анықталуда. Атырау облысы бойынша экология департаментімен жоғарыда көрсетілген фактілерге қатысты "Теңізшевройл" ЖШС-не жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланады", - деген жауап берілді министрліктің баспасөз қызметінен.

Өз кезегінде атыраулық қоғам белсенділері алпауыт компания төлейтін айыппұлдың басым бөлігін аймақ тұрғындарының денсаулығын түзеу үшін жергілікті бюджетке көбірек қалдыруды сұрауда. 

"Ертең ТШО көп мөлшерде айыппұл төлейді. Ол тағы да республикалық бюджетке кетеді. Ал уланатын жергілікті халық. Ал ТШО зауыттары орналасқан Жылыой ауданы Атырау облысы бойынша науқастану бойынша бірінші орында. Сонда айыппұл салғаннан бізге не пайда?", - деп түсіндіреді экоамбассадор Арман Хайруллин. 

Айта кетейік, Теңіз жобасы еліміздегі барлық мұнай өндірісінің 31 пайызын қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы мұнай-газ өнеркәсібінен республикалық бюджетке келіп түсетін салықтың 40 пайызын құрайды. 

Құралай Қуатова

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу