Атырау облысында түйе етінен жасалған консерві нарыққа шығарылды

648

Дайын өнім Исатай ауданы, Жанбай ауылында өндіріледі.  

Атырау облысында түйе етінен жасалған консерві нарыққа шығарылды Фото: gov.kz

Атырау облысында ауыл шаруалығы бойынша өндірілетін өнімнің тек шикізат күйінде қалмай, өңделіп, дайын өнім ретінде сатуға да ерекше мән беріліп отыр, деп жазады inbusiness.kz.

Жанбай ауылындағы ет және шұжық өнімдерін шығаратын "Рыспай Құрасов" шаруа қожалығына қарасты "Темірлан" жеке кәсіпкерлігінде өнімнің оннан астам түрі дайындалады. Жақында кәсіпкер "Нарын" атты түйе етінен жасалған өнімін өңірлік нарыққа шығарды.

"Мұнда жартылай фабрикат өнімдері де бар. Сапа болған жерде сұраныс та артады, сондықтан тауар шығаруда тұтынушы талабына ерекше мән береміз. Шағын цехта ет және шұжық өнімдері дайындалады. Барлығы да отандық өнім. Жақында түйе етінен жасалған консервілер жасап шығардық. Сыртқы қалбырларды Алматыдан алғызамыз. Өнім дайындамас бұрын қалбырлар міндетті түрде залалсыздандырылады. Өнімді дайындағанда алдымен арнайы құрылғы арқылы етті кесіп, тұздап аламыз. Залалсызданған қалбырымыз дайын болғанда ет салынады. Әзірше тауар тек аудан көлемінде шығарылып жатыр. Болашақта облыс және өзге қалалардан сұраныс түссе, өнімді тарататын боламыз. Жеке даналап сатып алса 1000 теңге, көтерме сауда болса, бағасы одан төмен болады",- деді кәсіпкер Айнұр Сисекенова.

Бұл жоба "Бизнес бастау" бағдарламасы аясында жүзеге асқан. Бүгінде жеке кәсіпкер цех ашып, ауылдағы 10 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр. Цех толықтай заманауи техникамен жабдықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу