Атырау облысында 15 қыркүйек күні тұмауға қарсы екпе егу басталды. Өңірде вакцинация алатындар тізіміне екі жүз мыңға жуық адам енгізілген, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.
Нақтырақ айтқанда, облыста 187 760 адам тұмауға қарсы егілуге тиіс. Оның ішіне 18 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер мен диспансерлік есепте тұрған облыс тұрғындары кіреді.
"Қазіргі күні 11 120 адам тұмауға қарсы екпе алды, оның 1774 -і балалар, оның 77 пайызы 5 пен 14 жас аралығындағы бала", – деді Дина Камелова.
Сондай-ақ тұмауға қарсы вакцинациямен қатар балалар мен жаңа туған нәрестелерге туберкулезге қарсы вакцина егіледі. Биыл жыл басынан бері 17 735 балаға егілген.
Құралай Қуатова
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу