Атырау облысында тұрғындары қайта оралған Жалғансай ауылындағы бөгет бекітіліп жатыр

283

Түнде аудан орталығына эвакуацияланған елді мекеннің 200-ге жуық тұрғыны қайта оралды.

Атырау облысында тұрғындары қайта оралған Жалғансай ауылындағы бөгет бекітіліп жатыр Фото: ТЖМ

Махамбет ауданындағы Жалғансай ауылдық округінің әкімі Асылжан Қайырғалиевтың айтуынша, елді мекенде бұрыннан 3,5 шақырым бөгет болған. Жақында тағы 3,5 шақырым бөгет соғылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

"Түнде аудан орталығына эвакуацияланған елді мекеннің 200-ге жуық тұрғыны қайта оралды. Қазір тасқынның қаупін сейілту мақсатында ауылға кіретін жол мен бөгет арасындағы су арнайы техникалармен құрғатылып жүріп жатыр. Қазір қауіпсіздік шараларына 100-ге жуық адам жұмылды. Оның ішінде әскерилер, төтенше жағдайлар саласының мамандары мен жергілікті тұрғындар бар. Бөгет маңында кезекшілік күшейтілуді", -дейді Асылжан Қайырғалиев.

Ауыл тұрғыны Дүйсенбай Меңдіғалиевтің айтуына қарағанда, жарылған бөгетті қалпына келтіру түнімен жүргізілген.

"Қауіпсіздік үшін ауылдағы әйелдер, балалар Махамбет ауылына мектепке эвакуацияланды. Қазір жағдай тұрақтанды. Тұрғындар үйлеріне оралды. Біз ауылды тасқын судан қорғау үшін жұмысымызды жалғастыра береміз", -дейді Дүйсенбай Меңдіғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу