Атырау облысында үйге найзағай түсіп, өртеніп кетті

211

Ешкім зардап шекпеген. 

Атырау облысында үйге найзағай түсіп, өртеніп кетті Фото: видео скриншот

Атырау облысы Миялы ауылында үйге найзағай түсті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты "Ақ Жайыққа" сілтеме жасап. 

25 маусымда 19.00 шамасында Қызылқоға ауданы Миялы ауылы Үсенов көшесіндегі қараусыз үйге найзағай түсіп, өртенген. 

"Ешкім зардап шекпеген. Жергілікті өрт сөндіру бөлімшесінің үш қызметкері мен бір техникасы өртті сөндірген", - деп жазылған мәліметте.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу