Атырау облысында Ұлы Отан соғысының көзі тірі екі ғана ардагері қалды

11228

 Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Маңғыстау, БҚО облыстарында 1 млн теңгеден, Ақтөбе облысында 2 млн теңгеден берілмек.

Атырау облысында Ұлы Отан соғысының көзі тірі екі ғана ардагері қалды

Алда келе жатқан Ұлы Жеңіс күні мерекесінде ардагерлерге құрмет көрсетілмек. Өкінішке қарай, олардың саны саусақпен санарлықтай ғана болып қалды, деп жазды inbusiness.kz тілшісі.

"Атырау облысында Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерге 1 млн теңгеден төленеді. Сондай-ақ, соғыс кезінде тұтқында болғандарға да осы сомада біржолғы көмек қарастырылып отыр. Соғыс кезінде марапатталған тыл еңбеккерлері 100 мың теңгеден, соғыс кезінде кемі алты ай жұмыс істеген, бірақ, орден-медальдар алмаған еңбеккерлер 30 мың теңгеден алады", - деп хабарлады облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан. 

Өкінішке қарай, қариялар жыл санап азайып бара жатыр. Мұнайлы аймақта былтырғы 9 мамыр күні қан майданға қатысқан сегіз ардагер болса, биыл олардың саны екеу ғана. Олар - Айдын Айбаров пен Закария Сұлтанов.

Айдын Аққалиұлы 16 қазан күні 100 жасқа толды.

Ал 94 жастағы тағы бір ардагер Тұраш Көптілеуов 28 сәуір күні дүниеден озды. 

Құралай Қуатова
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу